739

11 өңірде мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Бүгін Қазақстанның 11 өңірінде мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына үміткерлерді сайлау басталды.

11 өңірде мәслихат депутаттарын сайлау басталды
ғаламтордан

Жалпыұлттық аза тұту күнінде дауыс беру өтеді. Елдегі 21 сайлау округінде мәслихат депутаттары сынға түсіп жатыр.

Дауыс беру:

Алматы қаласы;
Абай облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жетісу облысы;
Жамбыл облысы;
Қарағанды облысы;
Маңғыстау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүсті Қазақстан облысында өтеді.
Бұл ретте 2 облыстық, 7 қалалық және 12 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Орталық сайлау комиссяисының сайтындағы мәліметке сүйенсек, сайлауға Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы қатыса алады.