Еуропаның бірқатар елдерінде Палестинаны қолдау митиңі өтуде
Лондон, Рим, Париж және Еуропаның басқа да ірі қалаларында Палестинаны қолдауға арналған жаппай шерулер өтіп жатыр. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты Nege басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Лондонның орталығында ондаған мың адам шеруге шыққан. Полицияның мәліметінше, наразылық білдірушілер саны 100 мың адамға жеткен.
Париждің орталығында шерушілер Газа секторының тұрғындары үшін гуманитарлық дәліз ашуды талап етті. Билік митиңдерге тыйым салып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші