805

Тоқаев пен Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитін талқылады. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тоқаев пен Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитін талқылады
ашық дереккөзден

Режеп Тайып Ердоған Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған апат салдарынан азаматтардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтты.

Екі ел басшылары 3 қараша күні Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымы X саммитінің күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және барша түрік халқын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Материал авторы