Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір ашыла сала жол апаты болды
Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір – өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Момышұлы даңғылымен және басқа да қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Дереккөз: myastanacity
Бүгін ғана ашылған көпірде апат болып та үлгерді. Сары BMW көлігі Toyota Alphard көлігін жанынан басып озбақ болғанда, Toyota Alphard айналып түскен.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші