"Халықаралық сотта жауап берсін!": Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Қарағандыдағы жағдайға байланысты пікір білдірді

30.10.2023, 09:58
647
"Халықаралық сотта жауап берсін!": Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Қарағандыдағы жағдайға байланысты пікір білдірді stan.kz

Күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырған кеншілер қаласындағы оқиға отандық киноиндустрияны дамытып жүрген актриса Жұлдыз Әбдукәрімованы да бей-жай қалдырмады. Өнер иесі еліне көңіл айтып, Instagram парақшасына жазба жариялады.

Қарағандыдағы апатқа байланысты өнер адамдары да сантүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі жауапты компанияны кінәласа, екіншісі “ажал айтып келмейді, жазмыш” деп өздерін жұбатуда. 

“Қарағанды тағы қара жамылды! Жазда ғана болған аппаттан қалай сабақ алмадық?! Үндістандық миллиардерге төгіп-шашып беріп жатқан байлығымызға есеп жоқ. Ал қаза тапқан адамдардың отбасыларымен қалай есептеспекпіз?! Не айтпақпыз?! Осы сәтке дейін 32 адамның қаза тапқаны хабарланды. Қаншасы әлі жер астында қалды.

Президент “АрселорМиттал Теміртау” компаниясымен серіктестікті тоқтату жөнінде пәрмен берді. Дәл қазір апат басына шұғыл жетіп, мән-жайды анықтауға қатысып жатыр. Менің пікірім, бір жылда екі апатқа себепші болған, осынша адам шығыны үшін үндістандық компанияның халықаралық сотта жауап беруін талап ету қажет. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын,”– дейді актриса. 

Желі қолданушылары бірауыздан қолдап, тиісті компания жауапқа тартылу керек деп жарыса жазып жатыр. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді