"Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз": Дариға Бадықова күйеуін жұмсайтын әйелдерді сынады

30.10.2023, 10:51
5064
"Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз": Дариға Бадықова күйеуін жұмсайтын әйелдерді сынады stan.kz

Танымал актриса, отандық киноларда басты рөлді сомдап жүрген Дариға Бадықова күйеулерін жұмсайтын әйелдерді сынады. Бұл туралы “Динамен дұрыс” бағдарламасында хабарлады.

Әншінің айтуынша, еркектердің үйдің тірлігіне араласуы дұрыс емес. Отбасында “Еркек – түздің адамы” деген қағидамен өскен әнші жолдасын да жұмсамайтын көрінеді.

“Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз. Масқара енді қыз баланы жуындыру, дәретке отырғызу, жаялығын алмастыру деген сияқты жұмысты қалай ер адамға табыстауға болады?!. Ұят дегенді білу керек”, – дейді актриса. 

Журналист Дина Төлепберген осы жазбасын толықтырып кетуін өтініп, әңгімеге тартты.

“Сіз менің не айтқым келіп отырғанын жақсы түсініп отырсыз. Еркек жаялық алмастырғаннан әйелге айналып кетпейді, бірақ ұят дегенді ұмытпауымыз керек. Отбасылық мысалдың бәрін ата-анамнан аламын. Әкем немерелерінің жалаңаш жүргенін көргенде ұрысатын. Мен сол тәрбиені көріп өстім. Әкесін “қызыңның іш киімін ауыстыра салшы” деп жұмсайтын әйелдер бар. Бұл жерде қауіп жоқ, сәби болса да қызының әурет жерін көретін әке ұялуы керек. Мен де қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым ешқашан қызымның жаялығын алмастырып, іш киімін кигізген емес. Дәретке де отырғызбаған”, – деді өнер иесі. 

Бағдарлама көріп отырған көрерменнің пікірі екіге жарылды. Продюсер Гүлзира Айдарбекова актрисаның сөзін қолдап, келісетінін жазды.

“Дариға өте дұрыс айтады. Үйде өңшең ер-азаматтар болғасын, қарауға да ұялады. “Іш киімсіз жүргізбеңдерші” деп атасынан бастап ескертіп отырады. Қанша жерден нәресте болса да, ер баланы да, қыз баланы да жалаңбұт жүргізбеген дұрыс. Ер-азаматтың жөргек алмастырғанына қарап қалған ештеңе жоқ. Әйелі күйеуін жұмсағысы кеп бара жатса басқа да тірлік көп. Баланың жаялығын алмастыру – анасының міндеті,”– деп актрисаның сөзін қолдады. 

Танымал продюсердің сөзімен келіспей, “Жаялық алмастырғаннан ешқандай ұят көріп тұрған жоқпыз. Әйеліне көмектескеннен еркектің беделі түсіп қалмайды”, – жазып жатқандар да бар. 

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады