Астанада электр жарығы сөнген уақытта өрт шығып, зейнеткер қаза тапты

30.10.2023, 13:32
927
Астанада электр жарығы сөнген уақытта өрт шығып, зейнеткер қаза тапты canva.com

Астанада 30 қазанға қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан 72 жастағы әйел қаза тапты. Ақпаратты елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

ТЖД мәліметінше, 30 қазан күні сағат 00:22-де "101" пультіне Манас көшесі, 3/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына аттанған. Сөндірушілер келген уақытта бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінің бірінші қабатында 18 шаршы метр аумақты құрайтын тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталған.

“Өрт орнынан 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды”, – делінген ақпаратта.

Тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарынан 51 тұрғын эвакуацияланды, оның ішінде 14 бала бар. Өртті жеке құрамның 16 қызметкері төрт техниканың көмегімен сөндірген. Өрт сағат 00:44-те сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Әлеуметтік желілерде өрт шыққан тұрғын үйдің ауласы видео жарияланған. Кадрларға қарағанда, өрт кезінде аймақта жарық болмаған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды