Қазақстан Азия Пара ойындарын 8 алтын жүлдемен аяқтады

30.10.2023, 14:10
367
Қазақстан Азия Пара ойындарын 8 алтын жүлдемен аяқтады gov.kz

Қазақстан спортшылары Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарын аяқтады.

Бұл додада 131 отандасымыз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медальмен командалық есепте 11-орынға ие болды. Жарыста спортшыларымыз, 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын жасады.

Пара каноэде Бибарыс Спатай KL2 және VL3 санатында қос күміс медальді иеленсе, Жалғас Тайкенов KL3 санатында күміс жүлдегер атанды. Ал Жаныл Балтабаева KL3 санаты, Максим Богатырев KL1 санаты бойынша қола жүлдеге ие болды.

Пара пауэрлифтингте Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол 186 кг зілтемірді көтеріп, Азия және Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Ал 41 келі салмақта Тұрсынай Қабыл мен 73 келіде Раушан Қойшыбаева  күміс медальді жеңіп алды. 45 келіде Гүлім Құрманбаева мен 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рахметжан Хамаев қола жүлдені қанағат тұтты.

Пара дзюдо күресінде Ақмарал Науатбек (45 кг/ J2), Ерғали Шамей (73 кг/ J1) мен Олжас Оразалыұлы (73 кг/ J2) алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдеге Асылан Нұрдәулетов (73 кг/ J1), Жанбота Аманжол (-90 кг/ J2), Зарина Раифова (70 кг/ J2) және Ерлан Өтепов (+90 кг/ J2) ие болды.  Ал Бауыржан Арстанбек (-90 кг/ J1), Даяна Федосова (52 кг/ J2), Динара Куджулова (70 кг/ J1), Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг/ J2), Ерлан Конкиев (+90 кг/ J2),Талғат Әжіғалиев (+90 кг/ J2) пен Әнуар Сариев (60 кг/ J2) қола жүлдені еншіледі.  Ұлттық құрама дзюдо күресінен командалық есепте екінші орынға жайғасты.

Пара жеңіл атлетикада Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан алтын медаль иегері атанды. Ол ядроны 15,74 метрге лақтырып, Азия және Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Сондай-ақ, осы санатта Иван Зелезняк ядроны 12,39 метрге жіберіп, қола медальді жеңіп алды. Ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.

Пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали екі алтын жеңіп алды (100 м брасс және 200 м комплекстік стиль). Оған қоса 200 метр кешенді жүзуде Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Диас Кенжебек 100 метр қашықтықты 1 минут 05:42 секундтта жүзіп өтіп, Азия және Азия Пара ойындарының рекордын жағартып, ел қоржынына жетінші  алтын медальді алды. Ал Нұрәлі Советқанов 100 метр брасста, Роман Потапов 100 метр шалқалап жүзуде және 4х50 м аралас кешенді эстафетада өнер көрсеткен Зульфия Габидуллина,  Сиязбек Далиев,  Наталья Звягинцева мен Айсұлтан Кулкаев қола медаль иеленді.

Пара таеквондода Нышан  Өмірәлі (80 кг) мен Камиля Досмалова (57 кг) күміс жүлдегер атанса, Мариям Салимгереева (65 кг), Нұрлан Донбаев (80 кг) пен Алишер Гариполлаев (+80 кг) қола жүлдегер болды.

Шахматтан ерлер командасы қола медаль жеңіп алды. Жұптық команда сапында Әлімжан Аяпов пен Серік Солтанов өнер көрсетті.

Пара велоспортта Сейтжан Кенжеғұл мен оның пилоты Антон Лаврентьев қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, жекелей уақыт есебіндегі бәсекеде Сейітжан ел қоржынына тағы қола медаль салды.

Волейболды отырып ойнауда ұлттық құрама спортшылары күміс жүлдеге ие болды. Спортшыларымыз жартылай финалда алаң қожайындары Қытай елінің командасын 3:2 есебімен жеңіп, финалдық кездесуде әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы Иран мемлекетіне 3:0 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетсек, өткен 2018 жығы Индонезия өткен Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы 33 медальмен (5 алтын, 15 күміс, 13 қола) 13 орынға табан тіреген болатын.

IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Жарысқа 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысты.

«Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды