"Күлетін көңіл-күй жоқ": Халық Димаштың ата-анасына пранк жасағандарды сөгіп тастады

30.10.2023, 19:47
616
"Күлетін көңіл-күй жоқ": Халық Димаштың ата-анасына пранк жасағандарды сөгіп тастады Видеодан алынған кадр

Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат пен Света Айтбаевтарға жасалған пранк сынға ұшырады. Бейнежазбаны жұлдызды дуэт Мирас пен Құралай Instagram парақшасына жүктеді.

Жұлдызды жұп “Сағындырған әндер-ай” кешінен кейін өнердегі әріптестері Мирас пен Құралайдың шаңырағына қонаққа барған. Олар сол жерде “тосынсыйға” тап болады.  

“Қанат пен Светаға айтпай, ақтөбелік бір топ достарымызды алдырттық. Көптен бері осылай бас қосып, арқа-жарқа болмап едік. Жастардың тілімен айтқанда пранк жасағымыз келді”, – дейді идея ұсынған Мирас Бекжанов. 

Видеодан қос жұптың өнердегі әріптестері де бой көрсеткен. Атап айтсақ, Асхат Маемиров, Медет Салықов, Бота мен Ғаниды да көруге болады. 

“Сендер менің энергияма таңғаласыңдар, Қанаттікі менікінен де күшті. Түнгі сағат екі болса да ортаны бермей билеп жүр”, – дейді шаңырақ иесі. 

Видеоны көрген жұрт пікірі екіге жарылды. Бірі “достықтарың шынайы болсын”, “Қанат пен Света өте қарапайым”, “Қанат ағамыз күшті билейді екен” деп таңдай қақса, екінші тарап “Еліміздегі қайғылы жағдай болып жатса билеп жүргені несі?!” деп жақтырмай қалды.  

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады