"Қарақатты мен туған жоқпын": ақын Қымбат Әбілдақызы қауесетке нүкте қойды

31.10.2023, 09:51
34960
"Қарақатты мен туған жоқпын": ақын Қымбат Әбілдақызы қауесетке нүкте қойды stan.kz

Танымал журналист, ақын, “Айгөлек” журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы отбасындағы біраз құпияның бетін ашып, ел білмейтін сырды ақтарды. Ел аузында жүрген жалған сөзге нүкте қойды. Бұл туралы smartnews.kz сайты “Мақсатына жеткендер” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Отбасында 10 баланың үлкені болған Қымбат Әбілдақызы артынан ерген бауырларын арқалап баққанын жасырмады. 

“Халық арасында Қарақаттың “шешесі” – Қымбат екен деген өсек бар. 1978 жылы төртінші жыл оқуға түсе алмай, өзіме де, қоғамға да өкпелеп соңғы пойызбен Жаңаарқаға кетіп қалдым. Үйге барсам шешем қыз туыпты. “Сенің қолғанатың осы қыз болады, шайыңды дайындап, киімдеріңді үтіктейді. Өзің тәрбиеле” деп бере салды. Сол күннен бастап, тікелей менің жауапкершілігімдегі бала болды. Кішкентайынан үлкен қалаға әкеліп, оқыттым. Тұрмысқа шығатын кезде қолымнан ұзаттым. Қазір елдің қызы болуына менің тікелей ықпалым бар. Біз өскен отбасы өте дәулетті болса да, тәрбие қатал болды. Жоқшылық көрмесек те, дүниеге мастанбадық. Қарақат туған жылы оқуға түсе алмай жүрсем де, ауылдағы мектепте сабақ беріп жүрмін. Алақандай ғана ауылда оң босағада отырып бала тапсам, әкемнің беделі түседі ғой”, – дейді журналист. 

Қазақ эстрадасы мен дәстүрлі өнерді қатар алып жүрген Қарақаттың бала кезін де күліп еске алды. 

“Ол қыз кішкентайынан алғыр болды. Қалада жүріп Қарақаттың өзіне хат жазамын. Үй-ішін, мал-жан сұраймын. Мен барғанша мына кітаптарды оқып, ертегі құрастыр, өтірік өлең жатта деп тапсырмалар беремін. Қысқы демалысқа барғанда тап-тұйнақтай етіп орындап қояды. Қалаға алып келгенде ұлым Мереймен қатар тәрбиеледім. Екеуінің жас айырмашылығы әжептеуір болса да, бірге кітап оқып, сабаққа бірге дайындалатын”, – деп әншінің бала кезін айтып берді.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады