1079

Месси сегізінші рет «Алтын доп» сыйлығын алды

Марапаттау рәсімі Париждегі "Шатле" театрында өтті.

Месси сегізінші рет «Алтын доп» сыйлығын алды
Reuters

France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы сыйлығын америкалық "Интер Майами" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алды.

Америка құрлығындағы ойыншылардың ешқайсысы осыған дейін “Алтын допты” иеленбеген.

Аргентиналық спортшы сегізінші рет осы марапатқа ие болды.