720

Костенко шахтасында қаза болған соңғы кеншінің дене бөлшектері табылды

Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандардың барлығы табылды.

Костенко шахтасында қаза болған соңғы кеншінің дене бөлшектері табылды
ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 31 қазанда табылғанын мәлімдеді. 

“45 кеншінің мәйіті мен 46-адамның дене бөлшектері табылды”, – деді ол. 

Қазіргі уақытта 40 кеншінің аты-жөні анықталған. 6 адамдікі әлі анықталмады.