"Қазан-ошақ жыртысы": Гүлзира Айдарбекова құдалық тойында ескі дәстүрді жаңғыртты

31.10.2023, 14:36
8241
"Қазан-ошақ жыртысы": Гүлзира Айдарбекова құдалық тойында ескі дәстүрді жаңғыртты gulziraaidarbekova

Айдарбековтер әулеті келін түсіріп, құдалық тойын жасады. Су жаңа құдаларын көрерменге көрсетіп таныстырды.

Танымал ерлі-зайыпты жұлдызды жұп Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер кіші ұлдарын үйлендіріп, құдалық той жасады.

“Ата-ананың міндеті – балаларын құтты орынға қондыру. Үшінші мәрте келін түсіріп, қолым ұзарып жатыр. Құдалық тойын өткізіп, жаңа құдаларымызбен танысып, көзайым болып жатырмыз. Бұйырса үлкен тойын жасаймыз”, – деп қуанышын жасырмады. 

Желідегі парақшасына құдалықтан үзінділер салып, қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстүрді жаңғыртты.

“Құда мен құдағайды көрпеге орау” деген салт бар. Бұл ырымның мәні – құдаларымыз бір жастықта қартайсын. Мәңгі бірге болсын деген ниетпен жасалатын жоралғы. Одан кейін “қазан-ошақ жыртысы” да көнерген дәстүрдің бірі. Оны да құдалық тойымызда есімізге алып, ырымын жасадық. Кей өңірлерде “отқа жыртар” деп те аталады. Мұны құдалыққа келетін жаңа құдағи әкеледі. Мата түсінің ақ болуы өте маңызды. Отау тігіп жатқан екі жастың өмірлері ақ болсын деген ниеттен туған. Екі жастың аналарының беліне байлайды”, – деп түсіндірді. 

Продюсердің оқырмандарының бірі аталған дәстүрлерді білетін болып шықса, енді бірі “естімеген елде көп” деп таңғалып жатыр. 

Сонымен қатар, танымал мегажұлдыз отбасының мүшелері құдаларына тек бриллианттан шашу шашқанын айтып мақтанды.  

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады