741

"Ирина Кайратовна" тобындағы мобилографтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Ирина Кайратовна" тобындағы мобилографтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
stan.kz

Жас жігіттің өліміне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда қажетті тергеу әрекеттері өтіп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған дерек бойынша "адам өлімі" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ елорда полициясы сотқа дейінгі тергеу ісіне қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға рұқсат етілмегенін айтты.