"Қараусыз тастап кетті": Алматы облысында өз балалары зейнеткерлерді аштықта ұстап, зейнетақыларын тартып алған

01.11.2023, 09:36
983
"Қараусыз тастап кетті": Алматы облысында өз балалары зейнеткерлерді аштықта ұстап, зейнетақыларын тартып алған Видеодан алынған кадр

"Бірі арбаға таңылып, бірі төсек тартып жатып қалған қараусыз зейнеткерлер қарттар үйінде тұрғысы келеді". Алматы облысындағы Жібек жолы ауылының тұрғындары көмек сұрады. Бұл жөнінде Almaty.tv арнасы хабарлайды.

"Балалары қараусыз тастап кетті" деген әңгіме шыққан үйдің маңына жиналған жұрттың айтуынша, қарттардың баласы мен туыстары бүгін келген. Көршілері "абаға таңылған әжей дауыстап көмек сұрайды, ал ақсақал көрінбегелі 20 күндей өтті" дейді. Олардың айтуынша, туған ұл-қызы зейнетақы түскенде ғана келеді.

“Баласы бар. Екеуі "зейнетақыны алып кетті" деп жылап отырады. Ал қызы, кемпір арбасымен әркімге жалынып барса, сол күні қуып жібере ме, білмедім. Кемпір қайтып келеді. Көршілердің бәрі жаман атты болды”, – деді көршісі Базарбике Жамалова.

“Таңғы сағат 7:30-дан бастап көмек сұрап, айқайлайды. Жақын тұрамыз, жағдайы ауыр. Бұрын ата жүретін. Осы 20 күн болды, үйден шықпай қалды, азып кеткен. Тамақ жей алмай жатыр. Апа қарай алмайды. Ол құлап қалса, арбасына отырғызамыз. Қарайтын адам жоқ, күндіз жұмыс істейміз”, – деді көршісі Гұлнұр Қисықбасова.

"Тас дәуіріндегідей өмір сүреміз, керосин пешін жағамыз": Қостанай облысында зейнеткердің үйінде 25 жылдан бері жарық жоқ. 

Ақтөбеде немересі ата-әжесін үйінен қуып шығу үшін сотқа шағымданған
Ал зейнеткерлердің туған ұлы "қарттар қараусыз қалды" дегенді жоққа шығарды. "Күйе жаққаны үшін, үйге кіргені үшін" бейнежазбаны түсіргендерге арыз жазбақ.

“Атырауда жұмыс істеймін, 15 күн үйде болмадым. Бірақ әпкем қараған. Ол шығып кеткенде камераға түсіріп кеткен ғой. Ол кісілердің үстінен әпкем арыз жазады”, – дейді баласы Мәлік Байсамбеков.

Оқиға орнына ауылдың әкімдік өкілі келді. Шенеунік "ата-әжеге қолдан келген көмекті беріп жатырмыз" деп сендірді.

"Бұл кісілер аш отыр" деген соң, азық-түлік алып келдім. Әкімдік тарапынан бәрі ұйымдастырылды. Медициналық көмек беру үшін дәрігерлер апта сайын келіп тұрады. Дәрісін беріп тұрады, одан артық оларда да мүмкіндік жоқ”, – деді Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев.

Әкім орынбасарының айтуынша, қарияны ауруханаға жатқызған. Ал оларды қарттар үйіне өткізу үшін балаларының рұқсаты керек. Бірақ ұл-қызы да, жақын туыстары да қарсылық танытты.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды