Қазақстандықтар көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң мүшелері алынуы мүмкін

01.11.2023, 10:47
1865
Қазақстандықтар көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң мүшелері алынуы мүмкін canva.com

Қазір денсаулық сақтау министрлігі марқұмдардың ағзаларын алуға рұқсат сұрау тәртібін өзгертуді ұсынып отыр.

Бұл жөнінде 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, рұқсат сұрау түсінігін жойып, «үнсіз қалғаны – келіскені» ұғымын енгізбек. Демек, бұдан былай хәл үстінде жатқан азаматтың электрондық үкімет порталында дене мүшелерін пайдалануға қатысты пікірі болмаса, органы реципиентке ауыстырылады.

Қазақстанда қайтыс болғандардың органдарын пайдалануға рұқсат алу тәртібі өзгертілгелі жатыр. Яғни, енді көзі тірісінде қандай да бір дене мүшесін беруден бас тартпаған адамның бәрі донор санатында болады. Мәселен, бұған дейін науқасқа «ми өлімі» диагнозы қойылса, дәрігерлер «Егов» порталынан марқұмның донорлыққа қатысты пікірін іздейтін. Себебі, кәмелет жасына толған әр азамат порталда келісетініне, не келіспейтініне қатысты ақпарат қалдыратын. Егер, болмаса ақ халаттылар туыстарымен келіссөз жүргізуге кіріседі. 

Бірақ, көп жағдайда сырқаттың жақындары туыстарының органын беруге қарсы шығады. Алайда, бұл дұрыс тәжірибе емес дейді мамандар. Өйткені, донор бола ма, жоқ па, ол – әр адамның жеке таңдауы. Түзетулердің негізгі себебі де сол. Демек, «Еговта» пікірі болмаса, автоматты түрде донор атанады. Ал алматылықтар адам пікірін көзі тірісінде сұрау керек деп отыр. 

Демек, енді кім үзілді-кесілді қарсы, бас тартуға тиіс. Ал басқалары әлеуетті донор. Яғни, министрлік, азаматтардың донорлыққа келісімін сұрап жатпайды. 

«Ешқандай туысқандарымен сөйлесу болмау керек негізі. Ондай тәртіп ешқайда осы әлемде тәртіп жоқ. Өлім жағдайында донор болғысы келе ме, жоқ па екен сондай ақпаратты қалдыру керек. Егер, ондай ақпарат болмаса, онда келісті деген болады, шешім қабылданады», – дейді республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығының директоры Сәуле Шайсұлтанова.

Ал өтінішті рәсімдеу тіпті оңай. Бар болғаны, электрондық үкімет порталына кіріп, таңдау жасайсыз. Яғни, алдымен «Дансаулық сақтау» бөліміне, кейін оң жақ бұрыштағы «Трансплантаттау мақсатында ағзалардың және тіндердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу» бөліміне өтесіз. Сосын, «онлайн сұрау» батырмасын басып, екі нұсқаның бірін таңдайсыз. Пікіріңізді, электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітесіз.
Мамандар бір донор 4 адамнан 7 адамға дейін құтқара алады деп отыр. Ал, соңғы он жыл ішінде 110 адам мәйіттік донор болуға келісім берген екен. Яғни, 450 орган ауыстырылған. Бұл 450 кісі екінші мүмкіндік алды деген сөз. Әрі, әр органның консервациялаудан кейінгі жарамдылық мерзімі болады, дейді мамандар. Яғни, бүйрек – 24 сағат, бауыр – 12, жүрек және өкпе 6 сағатқа шыдайды екен.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да трасплантация жасау, яғни бір адамның кейбір ағзаларын екінші бір адамға ауыстыруға рұқсат етіледі деп пікір білдіріп отыр. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды