Он екі қазақстандық стартап Кремний алқабындағы акселерацияны бастады

01.11.2023, 11:05
917
Он екі қазақстандық стартап Кремний алқабындағы акселерацияны бастады astanahub.com

Astana Hub және Draper University халықаралық нарықта бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға арналған Hero Training акселерация бағдарламасының екінші лек оқуы басталды.

Hero Training бағдарламасының екінші легі кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Әзірбайжан және Түркия елдері стартаптарынан барлығы 129 өтінім түскен. Барлық стартап скрининг және диагностика кезеңдерін қоса алғанда, қатаң іріктеуден өтті.

Жобалар диагностикасының нәтижесі бойынша екі аптаға созылған Fundamentals of Entrepreneurship пре-акселерациясына қатысу үшін 80 стартап іріктелді. Содан кейін Кремний алқабында орналасқан Draper University-де өтетін Hero Training офлайн акселерациясына қатысу үшін 12 жоба таңдалды, олар: AlgoFarm, Prosper Pay, Loca, Pipedata AI, EZ FACTOR, Hired Valley, TrustMe, myMind, Oku Toku, WhoockAI, Oraclus, CheckAuto.

«Hero Training қатысушылары алты айға дейін Draper University кампусында болады, олар баспанамен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл уақыт тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер мен Draper University экожүйесі сарапшыларының жетекшілігімен жұмыс істейтін стартаптарға инвестиция тартуға және америкалық нарыққа шығуға бірегей мүмкіндік береді. Бірінші лек түлектері – биыл мамыр айында Калифорнияға барған 15 стартап оқуын табысты аяқтады және қазір өнімді дамыту, инвестиция тарту және жобаларын жаһандық деңгейде кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

 Draper University Кремний алқабындағы беделді және бұрыннан қалыптасқан экожүйе және Astana Hub онымен серіктестік бағдарламасын іске қосқан Орталық Азиядағы алғашқы технопарк. Draper University негізін қалаушы – Тим Дрейпер, ол -  венчурлық бизнесте 38 жылдық тәжірибесі бар, 11 қорды басқаратын, $7 млрд қаржы инвестициялаған және 34 unicorn компанияcы бар венчурлық капитал пионері. Жақында Тим Дрейпер елімізге келіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 IT форумына қатысты және стартаптар туралы Meet the Drapers реалити-шоуы эпизодтарының бірін түсірді.  Бағдарлама аясында қазақстандық стартап таңдап алды, ол қазір шоудың финалына – 1 миллион доллар көлеміндегі инвестиция үшін бағын сынауға дайындалып жатыр.

 «Astana Hub-та мен энергиясымен қуаттаған адамдарды кездестірдім. Мен үшін бұл сапар Қазақстанға, әлеуеті зор елге көзімді ашқан қызық тәжірибе болды. Мұндағы адамдар білімді және өте ынталы. Расында да, Қазақстан Орталық Азиядағы IT-хабқа айнала алады», - деп атап өтті Тим Дрейпер Digital Bridge 2023 форумында сөйлеген сөзінде.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады