668

Шымкентте 85 жастағы зейнеткер өз пәтерінен өлі табылды

Шымкенттік құтқарушылар жабық тұрған пәтерден қайтыс болған зейнеткерді тапты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкентте 85 жастағы зейнеткер өз пәтерінен өлі табылды
canva.com

Володарский көшесіндегі пәтерлердің бірінде 85 жастағы әйел қоңырауға жауап бермей, есікті де ашпаған.

Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті бұзып кірген.

Құтқарушылар ішке кірген кезде әйелдің денесін тапқан. Ол қайтыс болған. Әйелдің мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Өлімнің нақты себебін полиция анықтайды.