Жас шахматшы Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды

01.11.2023, 15:48
898
Жас шахматшы Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды chessacademy.kz

Жақында Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында шахматтан 8, 10 және 12 жас аралығындағы ойыншылар арасында әлем чемпионаты өтті. Жас шахматшылар үшін ең беделді жарыста елімізден Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды.

Жансай Әбдімәлік шахмат академиясының арнайы тобынан қатысқан Данис Қуандықұлы "10 жасқа дейінгі" жас санатында өнер көрсетті. 11 турдың қорытындысы бойынша Данис 9 ұпай жинап, бірде-бір ойында жеңілмеген. Атап айтқанда, ол 7 рет жеңіске жетіп, 4 рет тең түскен. Қорытынды кестеде Данис АҚШ, Ресей және Қытайдан келген мықты шахматшылардан басым тұрды.

Данис Қуандықұлының жетістігі – еліміз үшін тарихи оқиға. Себебі бұған дейін ұлдар әлем чемпионатында шахматтан алтын алмаған.

Осылайша, 10 жасар зияткер спорт шеберіне үміткер атанып, өз жас санатында Алматы мен Қазақстанның чемпионы болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды