Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қалай танысқандарын айтып берді

01.11.2023, 16:23
1047
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қалай танысқандарын айтып берді Қанат Айтбаев

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы жұлдызды жұп Қанат пен Света Айтбаевтар жас күндерін еске алып, қалай танысқандарын “Жақсы адамдарым” бағдарламасында айтып берді.

Биыл өнерлі отбасының отау құрғандарына – 30 жыл. Қос жұптың үйленген күнін Қанат Айтбаевтың жан досы, сазгер Орал Байсеңгіров еске түсірді.

“Қанат пен Света алғаш танысқан сәтіне куәмін. 1990 жылдардың басында студент арулар арасында “Қыз сыны” байқауын жүргіздім. Қыздарды рет-ретімен сахнаға дайындап жатсам, көрермен арасынан Қанатқа көзім түсті. Мойын-омыртқасы үзіліп кететіндей Светаға қарап отыр екен”, – деп әзілдеді. 

Досының сөзін растап, танысу хикаясын Қанат мырза өзі айтып берді.

“Институт қабырғасында оқып жүргенде белсенді студент болдым. Бір күні педагогикалық колледжде ”Қыз сыны” байқауына әділқазы болуға шақырды. Үлкен оқытушы-педагогтармен сол жерде қазылық еттім. Иненің көзінен өтетін аруларымыз өнерлерін көрсетті. Сол байқауда қазылар алқасының шешімімен Светаға екінші орын бердік. Арада екі аптадай уақыт өтті. Ол кезде әлеуметтік желі жоқ. Көретініміз – теледидар. Облыстық арнаны қосып қойып, төрт жігіт болып жалдамалы пәтерімізде тамақ ішіп отырсақ, теледидардан: “Бас жүлде иегері – Светлана Төлемісова” деп хабарлап жатыр. Облыстық “Қыз сыны” байқауына қатысып жатыр екен. Сол жерде: “Осы қызға үйленемін” деп өзіме серт бердім. Студент күнімде жергілікті телеарнада жұмыс істейтінмін. Бағдарламаға шақырып жүріп, танысып алдым. Ең алғаш кездескен жеріміз – Ленин ескерткішінің алды. Ол жаққа неге шақырғанымды білмеймін. Жаңбыр құйып тұрса да келгеніне қарағанда жаман жігіт болмағанмын, – деп күліп еске алды.   

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады