МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарға медициналық қызметтерді алуға тыйым салынуы мүмкін

02.11.2023, 12:59
713
МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарға медициналық қызметтерді алуға тыйым салынуы мүмкін stan.kz

Елімізде алдағы уақытта МӘМС төлемейтіндерге медициналық қызметтер алу кезінде шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Вице-министр мәлімдегендей, МӘМС төлемейтіндерге дәрігерге жазылуға, белгілі бір медициналық анықталамаларды алуға шектеулер қойылуы мүмкін екендігін жеткізді. Министрлік мұндай идеяны халықаралық, соның ішінде ресейлік тәжірибеден алып отырғандығын айтты. 

“Бұл тек ұсыныс ретінде жасалды. Ұсыныстар мемлекеттік органдарда, қоғамда, Парламентте талқыланады. Атап айтқанда, бұл шектеулер халықаралық тәжірибе аясында зерттелді. Германия, Нидерланд, Ресей сияқты елдерде бұл тұрғыда тиісті шектеулер қарастырылған. Сондықтан аталған елдерде азаматтардың жауапкершілігі ескерілген, оның ішінде айппұлдар да қарастырылған. Егер адамдар сақтандыру жүйесіне қосылмаса, әлем елдерінде қандай да бір қызметтерді алуға шектеу жасау тәжірибесі бар. Соның арасында жүргізуші куәлігіне қатысты мемлекеттік қызметтерді алмайды. Бізде көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау сынды бағыттарда осындай шектеулер талқыланып жатыр. Яғни денсаулық саласы бойынша тікелей мемлекеттік қызметтер ескерілген”, - деді вице-министр сенат отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Алайда ол  нақты қандай медициналық қызметер екенін ашып айтпады. Бұл әзірге ұсыныс ретінде қарастырылуда.

"Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Мәселе пысықталғанша күтуді ұсынамын. Медициналық қызметтерді алу, оның ішінде белгілі бір анықтамаларды алуға қатысты болуы мүмкін. Талқылау қорытындысы бойынша толығырақ айтып береміз деп ойлаймын", - деп сендірді вице-министр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады