ЭКО кезінде дәрігер жасырын түрде әйелді өз ұрығымен ұрықтандырған

02.11.2023, 15:13
924
ЭКО кезінде дәрігер жасырын түрде әйелді өз ұрығымен ұрықтандырған canva

АҚШ-та акушер-гинеколог экстракорпоралды ұрықтандыру кезінде әйелді өзінің билогиялық материалымен ұрықтандырған. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.

67 жастағы Шэрон Хейс 1989 жылы Вашингтондағы Спокан қаласында тұратын дәрігер Дэвид Клэйпулдың қабылдауында болған. Ерлі-зайыпты табиғи жолмен бала сүйе алмаған соң тұңғыш баласы ЭКО арқылы дүниеге келген. Олар ЭКО арқылы екінші рет сәби сүймек болып 10 жылдан кейін дәрігер Дэвид Клэйпулдың көмегіне жүгінген.

Шэронға құрбысы Дэвид есімді дәрігерге баруға кеңес береді. Дәрігер қабылдауында өзін жайсыз сезінгенімен келіншек ем алуды жалғастыра береді. Шэрон алты ай бойы ем алып, бала көтергенге дейін бірнеше рет ЭКО жасатқан. Дәрігер Дэвидтің айтуынша, ЭКО жасау үшін ол науқастың күйеуіне ұқсас донорларды іздеген.

1990 жылы Шэронның Брианна  есімді қызы дүниеге келеді. Алайда бүлдіршін кішкентайынан аурушаң еді. Төрт жасында оған лейкемия диагнозын қойса, мектепке барар шағында қыздан Эпштейна-Барр вирусы табылды. Қазір 33 жастағы Брианнаның жамбас сүйегіне бес рет ота жасалған. Нәтижесінде ол жүруді қайта үйреніп, физиотерапия курстарынан өтуге мәжбүр болды. Онымен қоймай әйелдің ұйқысы да бұзылған. 

Өзінің басқа ауруларға бейімділігін білмек болып және өз туыстарын табу үшін Брианна ДНҚ сараптамасын тапсырады. Ол сараптама нәтижелерін генеалогиялық (шежіре) сайттарға жүктеп, өзінің бірнеше аға-әпкесі барын біледі. Көп ұзамай аталмыш сайттардың бірінен туыстары Дэвидті тауып алады. Ағайындылардың ДНҚ нәтижелері Дэвидтікімен сәйкес келетіні белгілі болады. Осылайша олар өз әкесінің Дэвид Клэйпул екенін анықтайды. 

Брианна болған жағдайды анасына айтып берген. Шэронның айтуынша, ол өзін ғылыми тәжірибенің құрбаны сезінген. Ол бір жыл стресске түсіп, салдарынан ауруханадан бір-ақ шықты. 

“Өзімді өзім танымай қалдым. Күнім құр отырумен, жылаумен, одан қалды ұйқымен өтетін”, – дейді Шэрон Хейс.

Шэрон Хейс акушер-гинеколог Дэвид Клэйпулды алаяқтық жасады және өз жұмысына салғыртты танытты деп айыптап, сотқа берді. Сонымен қатар, талап арызға сәйкес, дәрігер науқасқа өз ұрығын сатып Вашингтонның тұтынушыларды қорғау туралы заңын бұзған. Сондай-ақ Шэрон өзіне физикалық және психологиялық зақым келтіргені үшін Дэвид Клэйпулдан өтемақы талап етті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды