Анджелина Джоли Газа секторындағы қырғынды айыптады

02.11.2023, 15:04
830
Анджелина Джоли Газа секторындағы қырғынды айыптады halyq-uni.kz

АҚШ әртісі, БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Израиль әскерінің Газа секторындағы бейбіт халықты нысанаға алып, бомбалап жатқанын айыптады. Сондай-ақ, ол дүниежүзі державаларының Газа секторындағы қырғынға көз жұма қарап отырғанына наразылық білдірді.

Бұл туралы ол Instagram-ға жазба жариялады.

Бұл барар жері, басар тауы жоқ, қамалған халықты әдейі бомбалау деп білемін. Газа 20 жылға жуық ашық аспан астындағы түрмеге айналды. Енді міне, жаппай мазарға айналып жатыр. Қаза тапқандардың 40 пайызы – бейкүнә балалар. Көптеген елдің Израильді қолдауының кесірінен миллиондаған палестиналық бейбіт тұрғын, оның ішінде балалар мен әйелдер халықаралық құқыққа қайшы түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек пен барлық гуманитарлық көмектен айырылып, ұжымдық түрде жазаланып жатыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің оқ атуды тоқтату талабына бөгет жасау арқылы әлем көшбасшылары бұл қылмысқа ортақтасып отыр, – деді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Израиль Газа секторының солтүстік бөлігінде орналасқан Джабалия босқындар лагеріне бомба тастаған болатын. Соның кесірінен Газаның солтүстік бөлігінде жүздеген адам баспанасыз қалған.

Газа ІІМ баспасөз хатшысы Ияд Әл-Базумның айтуынша, 400-ге жуық адам қаза тапқан. Бомба Джабалия лагеріндегі 15 үйді қиратқан.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды