Оңтүстік Корея мен Қостанай университеттері машина жасайтын мамандарды бірге дайындамақ

03.11.2023, 09:09
1044
Оңтүстік Корея мен Қостанай университеттері машина жасайтын мамандарды бірге дайындамақ gov.kz

Baitursynov university және Оңтүстік Корея университеті машина жасау саласында мамандар даярлайды. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Оңтүстік Корея университеті Dong-Eui арасында машина жасау саласында кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжаттарға ректор Сейтбек Қуанышбаев пен Dong-Eui университетінің президенті доктор Хан Су Уон (Dr. SooWhan Han) қол қойды.

Dong-Eui - Оңтүстік Кореядағы ең көне жеке университеттердің бірі, ол әлемге әйгілі «Hyundai» автомобиль корпорациясымен тығыз жұмыс істейді, сондықтан жоғары оқу орны түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша өңірлік көшбасшы болып табылады. Кадрлар даярлау мәселесінде қазақстандық әріптестерімен бөлісетіндері көп.

«Біз Хюндай зауытына кадрлар даярлауда мол тәжірибесі бар Оңтүстік Кореяның Dong–Eui (Тонг-Ый) университетімен ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз. Біздің университет, өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның машина жасау саласы, оның ішінде облыс аумағындағы зауыттар үшін кадрлар даярлау жөніндегі базалық ЖОО болып табылады. Хан Су Уон мырзаға алғысымды білдіргім келеді және біздің ынтымақтастығымыз жемісті болады, ал бірлескен зерттеу жобаларымыз өндіріске енгізіледі деп үміттенемін», - деді ректор Сейтбек Қуанышбаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды