Астанада мажар ақынына арнап жаңа көше ашылды

03.11.2023, 09:53
910
Астанада мажар ақынына арнап жаңа көше ашылды gov.kz

Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында елордамыздың орталық көшесіне Мажарстанның атақты ұлттық ақыны Шандор Петёфидің есімі берілді. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Көшенің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийярто қатысты.

«Атақты мажар ақынының 200 жылдық мерейтойына орай оның есімін елордамыздың көшесіне беру символикалық маңызы бар және достық қарым-қатынастарымызды нығайтуда, сондай-ақ елдеріміз арасындағы мәдени алмасуды дамытуда үлкен рөл атқарады», – деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу.

Өз кезегінде П.Сиярто Қазақстан Үкіметіне мажар ақынына көрсетілген құрметіне ризашылығын білдірді.

«Бүгін біз қазақ халқының Мажарстанға деген жоғары құрметін көріп отырмыз. Шандор Петёфи еркіндікке деген құштарлығымен танымал данышпан адам болды, бұл еркіндік сезімі сіздерге де тән», – деді мажар министрі.

Көшеге Мажарстан ақынының есімін беру туралы шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Елорданың Есіл ауданындағы көшенің атауы өзгергенге дейін Е-108 сандық атауы болған. 2014 жылдың маусым айында Мажарстан астанасы Будапешт қаласында «Астана» көшесі ашылып, Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылды.

Шандор Петөфи – атақты ақын, мәдениет қайраткері және Мажарстанның тәуелсіздігі үшін күрескен белсенділердің бірі. Ол Мажарстанның тәуелсіз демократиялық ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның шығармалары бүкіл әлемге танымал және көптеген тілдерге аударылған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды