Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Оның 83 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы smartnews.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Дерттің басым бөлігі Алматы, Шымкент қалаларымен Жамбыл, Алматы облыстарында тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қызылшаның алдын алу үшін балаларға қосымша екпе салынады.
- Сондықтан осы екпені нығайту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ол 6 айлық және 11 айлық балалар арасындағыларға екпе. Сонымен қатар, 2 жастан жоғары 5 жасқа дейінгі балаларға қосымша екпені жасау, - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші