Биыл министрлік тапсырмасымен 8 көркем фильм түсірілген

03.11.2023, 12:38
990
Биыл министрлік тапсырмасымен 8 көркем фильм түсірілген gov.kz

2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда 8 көркем фильм түсірілген. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен 8 көркем фильм түсірілді. Олардың қатарында «1941 жылдың жазы», «Хирург», «Өмір», «Ақын», «Ақ боз үй», «Молочная девочка», «Обучение Адемоки» және «Бүркіт». Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген «Бүркіт» экшн-фильмі 2 қарашада прокатқа шықты.

«Бүркіт» экшн-фильмі режиссер Данияр Ибрагимовтың дебюттік фильмі. Бұған дейін ол «Алтыншы пост» және «Қазбат» сияқты әскери боевик жанрында сәтті отандық фильмдер түсірген.

«Кино жасаушылардың басты мақсаты – ар-намыс пен абырой, достық пен отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, әскери ант пен парызға адалдықтың маңыздылығы мен құндылығы туралы айту. Фильм отрядтағы үйлесімді және табысты жұмысымен танымал үш арнайы жасақ сарбазының қызметі мен достығы туралы оқиғаға негізделген. Олардың басты міндеті – қауіпті қылмыстық топтармен күресу, бірақ осы текетірестің бірінде олардың әскери дайындығы ғана емес, достығы да сыналады», – дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов.

Фильмнің түсіріліміне арнайы жасақ әскери бөлімі, екі жүзден астам мерзімді әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының әскери және авиациялық техникасы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары бар фильмнің кейбір эпизодтары нақты оқиғаларға негізделген. Түсірілім Алматы облысының көрікті жерлерінде, Есік көлінің маңында және Іле өзенінде өтті. Жұмысқа Голливудтан монтаждық режиссер әкелінді.

Басты рөлдерді әртістер – Дәурен Серғазин, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Гүлназ Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Азамат Сатыбалды, сондай-ақ қазақ әншісі, күйші Ғалымжан Молданазар сомдайды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды