Теориядан практикаға дейін: Қарағанды NIS оқушысы химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

03.11.2023, 13:33
925
Теориядан практикаға дейін: Қарағанды NIS оқушысы химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды gov.kz

Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қарағанды NIS 9-сынып оқушысы Алидар Айтжанов Жезқазғанда Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық химия пәні бойынша олимпиадада бірінші орын алды. Пәнді білу және заттарды химиялық қасиеттері бойынша тани білуде еліміздің барлық өңірлерінен 76 оқушы бақ сынасты.

Олимпиада екі кезеңнен құралды – теориялық және практикалық. Теориялық тур 9-сыныптағы бүкіл химия курсын қамтыды және сегіз тапсырмадан құралды. Практикалық турда заттарды химиялық қасиеттері бойынша тану қажет болды.

– Олимпиада жақсы әсер қалдырды. Зияткерлік жарыстарды лайықты ұйымдастыру, практикалық тур өзгеше және қиын болды. Мен үшін олимпиада – білім мен мүмкіндіктерді тексеру. Бұл жарыстар әзірге менің ең үлкен жетістігім. Мен үш жыл бойы олимпиадалық химиямен айналысып келемін, – дейді Алидар Айтжанов. – Сондай-ақ қызықты экскурсиялар болды. Қаныш Сәтбаевтың үй-мұражайына және Жездідегі тау-кен және балқыту тарихы мұражайына сапарлар есте қалды, онда бізге көптеген экспонаттар көрсетілді.

Алидар Айтжановтың жетекшісі – Қарағанды NIS химия пәнінің мұғалімі Смағұл Жүсіпов.

Қазақстан мен Орта Азияның КСРО-дағы тұңғыш академигі, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың құрметіне Олимпиада жыл сайын өткізіліп тұрады және дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды