Каратэден тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай министрмен кездесті

03.11.2023, 15:22
1175
Каратэден тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай министрмен кездесті Turizm_jane_sport_ministrligi

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мажарстан астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында еліміздің Көк Туын биікте желбіретіп, Қазақстанға тарихи алтын жүлдені сыйлаған Мөлдір Жаңбырбай мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Дидар Әмірәліні қабылдап, Президенттің арнайы алғыс хатын табыстады.

Кездесу барысында министр спортшылардың әлем чемпионатындағы жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.

«Кейінгі жылдары елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келе жатыр. Бұған сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз орасан зор. Жуықта Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған Жазғы Азия ойындарында екеуіңіз де жүлдегерлер қатарынан көрініп, жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледіңіздер. Енді міне, арада көп уақыт өтпей әлем біріншілігінде де тұғырдың ең биік сатысынан көріндіңіздер. Сіздерге алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табыс тілеймін», - деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, Мажарстандағы әлем чемпионатының финалында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) италиялық Эрминия Перфеттоға еш мүмкіндік бермей, алтын тұғырға көтерілсе, 67 кг-ға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дидар Әмірәлі үшінші орын үшін өткен бәсекеде Иордания спортшысы Афиф Гаитті жеңіп, қолаға қол жеткізген-ді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды