Түркістан облысында мал ұрлауды кәсіп қылған екі азамат құрықталды

03.11.2023, 17:02
808
Түркістан облысында мал ұрлауды кәсіп қылған екі азамат құрықталды polisia.kz

Келес аудандық полиция бөліміне 6 ауыл тұрғыны арыз қалдырған. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер олардың ірі-қара малдарын қолды еткен. Бұл туралы smartnews.kz сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғалған малдарын тұрғындар өз күштерімен іздеген, алайда нәтиже болмаған соң полицияға шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, екі күдікті ер азаматты ұстады. Олар жұмыссыз жүрген жас жігіттер.

Жәбірленушілерге 2,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеді.

Анықталғандай, ұрылар жергілікті тұрғындардың жайылымдарда қараусыз қалған және қорада тұрған төрт түлігін жымқырып, жүк көлігімен артып әкеткен. Содан кейін олар ұрланған малды арзан бағамен сатып, түскен ақшаны өзара бөліп алған.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды