Шанхайда алтыншы рет Қытай халықаралық импорт тауарлар көрмесі (CIIE) өтеді

03.11.2023, 18:52
715
Шанхайда алтыншы рет Қытай халықаралық импорт тауарлар көрмесі (CIIE) өтеді CIIE

Барлығы 154 мемлекет, аймақтар мен халықаралық ұйымдар Шанхайда 5-10 қараша аралығында өтетін Қытайдың алтыншы халықаралық импорттық тауарлар көрмесінде (CIIE) бас қосады. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Әлемдегі алғашқы ұлттық деңгейдегі импорттық тақырыптағы көрме саналатын Қытайдың халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (CIIE) тағы да іскерлік көрмені, елдер көрмесін, "Хунцяо" Халықаралық экономикалық форумын, бірқатар ауқымды іс-шараларды, сондай-ақ гуманитарлық алмасу іс-шараларын өткізбек.

Биыл көрмедегі кәсіпкерлік бизнестің көрмесі сапасы мен тиімділігі жағынан едәуір жақсарған: экспозиция аясы ғана емес, сондай-ақ экспоненттердің сапасы да артқан. Ағымдағы жылы бизнес-көрмеге әлемдегі ең ірі 500 кәсіпорын мен өнеркәсіп алыптарының 289-ы қатыспақ. Оның ішінде 15 ірі әлемдік автомобиль брендтері, 10 ірі өнеркәсіптік электротехника компаниялары, 10 ірі медициналық жабдықтар компаниялары, үш ірі тау-кен алыптары, төрт ірі астық трейдерлері және бес ірі жүк тасымалдау компаниялары болмақ. 1500-ге жуық шағын және орта кәсіпорындар да осы көрмеде өз өнімдерін ұсынады.

Алты көрме бағытында 400-ден астам жаңа өнімдер, технологиялар мен қызметтер көрсетілмек. Олар:

 • азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдері павильоны, 

 • автомобильдер павильоны, 

 • қызметтер саудасы павильоны, 

 • тұтыну тауарлары павильоны, 

 • медициналық аспаптар, фармацевтика және денсаулық сақтау павильоны, 

 • сондай-ақ технологиялар мен жабдықтар павильоны.

Қытайдың алтыншы халықаралық импорттық тауарлар көрмесі аясында елдердің физикалық көрмесі қайта өтеді. Он бір ел, соның ішінде Бахрейн, Орталық Африка Республикасы, Доминика Достастығы, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гондурас, Мали, Оман, Сьерра-Леоне, Того және Зимбабве мемлекеттері ел көрмесіне алғаш рет қатыспақ. Биылғы жылы құрметті қонақтар қатарына Гондурас, Қазақстан, Сербия, Оңтүстік Африка және Вьетнам сияқты бес елдің өкілдері кірді.

"Бір белдеу, бір жол" бастамасының 10 жылдығы аясында көрмеге осы бастамаға қатысатын көптеген елдер қатысады. Биылғы ұлттық көрме-жәрмеңкенің 72 экспонентінің 64-і "Бір белдеу, бір жол" құрамындағы елдерден қатысса, қазіргі уақытта "Бір белдеу, бір жол" қатысушы елдерден 1500-ден астам кәсіпорын 6-шы жәрмеңкеге қатысуға қол қойған. Ол жалпы көрме алаңындағы 80 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жәрмеңкеге қарағанда шамамен 30%-ға көп.

Сонымен қатар Қытайдың халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (CIIE) "Бір белдеу, бір жол" бастамасына қатысушы елдерге қытай нарығына тегін стендтер, құрылыс субсидиялары мен салық жеңілдіктерін ұсына отырып, премиум өнімдерін ұсынуға шақырды.

Қытайдың халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің (CIIE) ажырамас бөлігі "Хунцяо" Халықаралық экономикалық форумы кіреді. Форум тақырыбы биыл жаһандық ашықтық, "жасыл" даму, цифрлық экономика және "ақылды" технологиялар мәселелеріне арналады.

Кейбір сессиялар БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы, халықаралық сауда орталығы, БҰҰ-ның жаһандық шарты және т.с.с. халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізілмек.

Нобель сыйлығының лауреаттары, Тьюриң сыйлығының лауреаттары, әлемдегі ең ірі 500 кәсіпорын және көптеген танымал кәсіпкерлер бірнеше кіші форумдарға қатысып, әлемдік мәселелерге деген көзқарастарымен бөліседі. Форум аясында беделді баяндамалар, соның ішінде 2023 жылғы әлемнің ашықтығы туралы есебі жарияланады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды