Алматылық тұрғындар жол шұңқырын кілеммен жауып қойған
Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
"Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Айбергенова көшесі. Жергілікті тұрғындар ерекше әдісті қолданып, шұңқырды кілеммен жауып қоюды ұйғарыпты", – делінген kris_p_almata Instagram парақшасында жарияланған постта.
Алматы әкімдігі бұған қатысты түсініктеме беріп, жөндеу жасалғанын айтты.
"Айбергенов көшесіндегі шұңқырға қатысты шағым 31 қазанда түсті. Бұл кілемді жергілікті тұрғындар төсеп қойған. 1 қарашада ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында тұрғындардың өтініші қаралды. Дәлірек айтқанда, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады аудан әкімдігі.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші