Димаштың испан жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып жатыр

04.11.2023, 19:18
1353
Димаштың испан жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып жатыр ашық дереккөзден

Бұл туралы smartnews.kz сайты dimashnews.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Испаниядағы Елшісімен кездесті. Салтанатты шарада Dears танымал қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаевтың өнерін және суретші Дәурен Қастеевтің әсерлі көрмесін тамашалаған.

Испаниялық Dears алғаш рет 2023 жылғы 6 қазанда Қазақстан елшілігіне барып, Мәдениет және туризм саласына жауапты бірінші хатшы Қуаныш Әбпасов пен Райымбек Тоқтаубаевпен кездесті.

Ұзақ уақыт бойы Димаштың испандық жанкүйерлері Абай Құнанбаевтың еңбектерін ана тілінде оқуға ниет білдірді. Бұл туралы хабардар болған Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі ұлы ақынның испан тіліне аударылған 17 кітабын Dears-ке табыс етті.

Кездесу барысында Димаштың жанкүйерлері 2017 жылдан бастап өздерінің фан-клубының жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырылатын болашақ жобалар туралы айтты.

Іс-шара соңында Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Димаштың жанкүйерлерімен кездесіп, оларға әртіс пен Қазақстанға деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтты.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады