Атыраулық құтқарушылар көпірден секіріп кеткен адамды іздестіріп жатыр
3 қарашада Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен бейтаныс адам Орал өзеніне секіріп кеткен
Атырауда төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері екі қайықпен секіріп кеткен адамды іздестіріп жатыр, деп жазды "АқЖайық".
Бұл – Атырауда 2023 жылдың басынан бері көпірден секірген үшінші адам. Бұған дейін секірген бір қыз аман қалса, ал екіншісі мерт болған.
Еске салайық, бұған дейін атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарғанын хабарлаған едік.