«Жай-күйімді тағдырластарым түсінер»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылдық асын өткізді

05.11.2023, 16:32
9217
«Жай-күйімді тағдырластарым түсінер»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылдық асын өткізді жеке парақшасынан

Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты ernur.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпкер, меценат, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің басшысы болған Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғанына жыл толды.

«Уақыт, не деген жүйрік едің, ағын судай... 

Бүтін жүректің екіге айырылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды. Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер... 

Қайрекеңнің жылдық асын бүгін беру бұйырыпты. Алыс-жақыннан жиналған ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестеріміздің қолдауына, көңілдеріне алғыс айтамын.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сйласып қана өтуді жазсын. Барымызды, бақытымызды бағалайық», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Марқұмның жылдық асына кезінде бірнеше облысты басқарған Болат Жылқышиев, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтенов, Нұрлан Имам, сондай-ақ ақпарат саласының қызметкерлері, өнер жұлдыздары келіп, естеліктерін айтты. 

«Отбасының иесі, темірқазықтың құлауы – әулеттің құлауына алып келмеуі керек. Шырылдап жүріп, ағайынның басын қоссам деп шапқылаған адам өмірден өткенде, артында қалған үрім-бұтақтары жан-жаққа кетіп қалмауы керек. Бұл біздің сол адамның алдындағы ең басты құндылығымыз, парызымыз», - деді Нұрлан имам.

Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев былтыр, 6-қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді