932

104 жастағы әжей әкім сайлауына дауыс беруге барды

Бұл туралы smartnews.kz сайты ernur.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

104 жастағы әжей әкім сайлауына дауыс беруге барды
ernur.kz

Бүгін Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округінің тұрғыны 104 жастағы Жібек Кожасова №869 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, кейуана ауданның болашағы жарқын болуы тілеп бата берді.

Айта кетейік, жалпы ауданда 44 109 азамат дауыс беру құқығына ие. Аймақта жалпы 33 сайлау учаскесі бар. Барлық дауыс беру орындары материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да учаскелерде толық жағдай жасалған.