Израиль министрі Газа секторына атом бомбасын тастауды ұсынды

05.11.2023, 20:24
975
Израиль министрі Газа секторына атом бомбасын тастауды ұсынды ашық дереккөзден

Израильдің ұлттық мұра министрі Амихай Элиягу Газа секторының бейбіт тұрғындары жоқ жеріне ядролық қаруды қолдануды ұсынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты stan.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Коль ба-рама" радиостанциясына берген сұхбатында Израиль министрі "нацистерге гуманитарлық көмек берілмейтінін” мәлімдеді. Жүргізушінің атом бомбасын тастауға қатысты қойған сұрағына министр былай деп жауап берді:

"Бұл да бір нұсқа. Екіншісі – олар үшін шынымен не маңызды екенін тексеру...", – деді Элиягу.

Жүргізушінің 240-тан астам кепілге алынған адамдар бар кезде атом бомбасын қалай тастайтынын сұрады. 

"ХАМАС-ты кепілге алынғандарды қайтаруға көндіру керек. Соғыста шығынға дайын болу керек. Неліктен кепілге алынған адамдардың өмірі сарбаздардың өмірінен маңыздырақ?", – деп жауап берді министр.

Оның айтуынша, ХАМАС содырлары өлімнен қорықпайды, сондықтан оларды қорқытатын басқа нәрсе табу керек. Ол, сондай-ақ, арабтарды Газадан шығаруға шақырды.

Министрдің бұл сөзі наразылық тудырды. Израиль премьер-министрі Элияхудың мәлімдемелерін жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын түсіндірді. Министр үкімет отырыстарына қатысудан шеттетілді.

"Израиль ең жоғары моральдық стандарттарға сәйкес әрекет етеді, соғысқа қатысы жоқ адамдардың өліміне жол бермеу үшін халықаралық құқықты сақтайды. Біз жеңіске жеткенше осылай әрекет етеміз", – деді Нетаньяху.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді