«Алдымен итті, сосын әкемді атып кетті»: актер Бауыржан Сатов балалық шағын еске алды

05.11.2023, 20:51
14179
«Алдымен итті, сосын әкемді атып кетті»: актер Бауыржан Сатов балалық шағын еске алды baurzhansatov

Бұл туралы smartnews.kz сайты ernur.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі актер Бауыржан Сатов әріптесі Тәуекел Мүслімнің «Ұрпақ» подкастында марқұм әкесінің қайтыс болған кезін айтып берді. Сондай-ақ, әкесінің туыстарынан қорқатынын жайып салды.

«Мен ол кезде небәрі үш жаста едім. Әкем небәрі 24-те, ал анам 23 жаста болатын. Бірақ бәрі еміс-еміс есімде. Әкемді біреулер анамның көзінше атып кеткен. Үйде әжем де бар еді. Ол кісі арақ-шарап, шемішке сататын. Ішіп алған адамдар есікті ұрып, сауда жасауын сұраған болуы керек. Апам «жоқ, түн болды, қайтыңдар» деген. Сол сәтте әлгілер апамды боқтаған. Оны менің әкем естіп қалған. Өзі қызуқанды, басынан сөз асырмайтын адам болған екен. Дереу сыртқа шығып, әлгілермен төбелесе кеткен ғой. Олар қайтып кетіп, біраз уақыттан кейін мылтықпен келіп, алдымен есіктің алдындағы итті атқан. Сол кезде әкем шығып қалған да, оқтың біреуі жүрек тұсына тиіпті. Сол жерде тіл тартпай кеткен» деді Бауыржан Сатов.

Осы оқиғадан соң актер әкесінің туыстарымен мүлдем араласпай кетіпті. Сондай-ақ ол өгей әкесімен тіл табыса алмағанын жеткізді.

«Әкем қайтқалы анамның жүрегі ауырады, кейде түнге қарай ұстап қалады. «Күшік кезінде таланған» деген осы шығар, сол оқиғадан кейін біз жасқаншақ боп өстік. Мысымыз басылып қалған. Не болғанын түсінбейсің, өмір ерте есейтті. Анам бізге әкенің де, ананың да орнын басты.

Қазір әкемнің туыстарымен араласпаймын. Шынымды айтайын, мен әкемнің туыстарынан қорқып өскен баламын. Себебі әкем қайтқасын олар үйге келіп, айқай-шу шығарған. Олар болған жағдайға менің анамны айыптады ма, әйтеуір сондай бірдеңе болды. Содан кейін олармен араласқым келмейтін. Анам жоқта үйге келсе кірпідей жиырылып, анамның ерте келуін тілеп отырушы едім. Қазір енді есейдік қой, бірақ арада бір салқындық бар, емен-жарқын аралас-құралас боп кете алмаймын» деді актер.

Айтуынша, әкесі қайтыс болғасын анасы екінші рет тұрмыс құрған. Ол некеден Бауыржанның бір қарындасы бар.

«Анам екінші рет тұрмысқа шығып, қарындасым дүниеге келді. Бірақ мен өгей әкемді қабылдай алмадым. Ол кезде он жасар баламын. Басында анамды қызғандым. Сосын өгей әкем қатал болатын, тіл табыса алмадық. Ол кісі бірнеше жыл бұрын өмірден өтті. Мен әкенің мейірімін аңсаған адаммын, әке тәрбиесіне қанып өсе алмадым.

Өгей әкем інім екеумізден гөрі өзінің қызына ерекше қарайтын. Оған жақсы әке болды. Екеуіне қарап отырып қызығатынмын. Біз ондайды көрмегенбіз ғой. Қарындасымның аузынан шыққанның бәрін әперетін, ерекше еркелететін. Ал бізге ондай еркелікті көрсете алмадық. Бәлкім бұның да пайдасы тиген шығар, өзіме керек нәрені өз еңбегіммен табуды ерте үйрендім. Бутылка жинап, өткізіп, ақша табатын едім. Мамамнан ақша сұрамаудың қамы ғой. 

Қазір өсіп, өз қолымыз аузымызға жеткенде «Мама, сіздің үмітіңізді ақтай алдым ба?» деп көп сұраймын. Ол кісі «иә, иә» деп қояды. Бірақ мен бірдеңені сезем, әлі ол кісінің ойынан шығатындай дүние жасамаған сияқтымын. Бірдеңе жетіспейді әйтеуір. Бала ретінде әлі беретінімді бермеген сыңайлымын» деді Бауыржан Сатов.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады