Мәліметтерге сәйкес, мегаполис көшелерінің бірінде болған “форсаж қойылымын” жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жолда жастардың жасаған бұл әрекетін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатты.
Қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
"Жолда жасалған бейберекетсіздік нәтижесі алты айға көлік жүргізу құқығынан айыруға алып келді", - делінген хабарламада.