«Сол қыздың артын жинау – менің жауапкершілігімдегі іс болатын»: Ерке Есмаханның жеңгесі

06.11.2023, 11:37
18745
«Сол қыздың артын жинау – менің жауапкершілігімдегі іс болатын»: Ерке Есмаханның жеңгесі altyn-orda.kz

Белгілі әнші Ерке Есмаханның алғашқы ұстазы әрі жеңгесі әншінің балалық шағы туралы айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Еркенің алғашқы ұстазы, Білім беру ісінің үздігі – Ләззат Нұрмахан.   “Ұстаздық жолда жүргеніме – 38 жыл. Соның төрт жылы халыққа кеңінен танымал Ерке Есмаханға ұстаздық етумен өтті

Өте қатал мұғалім болдым.  Өз балаларымды да аямай ұрып алатынмын. Мен келін болып түскен кезде Ерке алты жаста болатын. Алғаш әріп үйретіп, қалам ұстатқан алғашқы ұстазымын. Атына заты сай, өте ерке болды. Мектепке баруға, сабақ оқуға ынтасы болмады. Бір үйде тұрғандықтан, мектепке жетектеп алып кетемін. Үйден шығуға дайындалып жатсақ мамасының артына тығыла қоятын. Сол жерден шықпай отырып алатын. Атамыз кішкентайынан музыкалық  мектепте оқытты. Қызының әнші болғанын жан-тәнімен қалаған кісі.

Ерке менің тәрбиемдегі қыз болды. Бала күнінен өнерге жақын өсті. Сахналарда ән айтып жүретін. Сондай күндердің бірінде бірде туфлиін тастап кеткен, бірде сахнаға киетін көйлегін тастап кеткен. Сол қыздың “артын” жинап, киім-кешегін реттеу – менің жауапкершілігімдегі іс болатын. Сахнаның сыртында Еркені дайындап жатсам:“қызыңыз ба?” деп сұрайтын: – “қайынсіңлім” десем, мамасынан артық дайындап келіпсіз деп таңғалатын.

Мектеп бітіргенше соңында жүріп, оқуға түсірдім. Мені “Ләзтапа” деп атайды. Дүние алма-кезек деген рас екен. Өзімнің қыздарым Алматыға оқуға түскенде Ерке бас-көз болып, тәрбиелеп, адам қатарына қосты, – дейді әншінің жеңгесі.  Ең қызығы Ерке Есмаханның баласының да алғашқы ұстазы – Ләззат апай екен.  “Тағдырдың жазуымен Мүсілім кішкентайынан біздің әулетте өсті. Мектеп жасына жеткенде жекеменшік мектепке оқытқысы келді. Бірден қарсы болдым. Жекеменшік мектепте білім алған баланың деңгейі төмен болады. Мектептің атағы балаға білім болмайды. Мүсілім де жалпы білім беретін мектепте білім алып жатыр”, – дейді ұстаз.  

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады