Astana Hub қатысушылары бес жылда жалпы құны $513 млн ІТ-өнімді экспортқа шығарды

06.11.2023, 13:05
642
Astana Hub қатысушылары бес жылда жалпы құны $513 млн ІТ-өнімді экспортқа шығарды astanahub.com

2018 жылы ресми іске қосылғаннан бері Astana Hub халықаралық технопаркі Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық хабқа айналды. Осы уақыт ішінде технопарк қатысушысы атанған ІТ-компаниялардың жалпы табысы 1,6 млрд долларды құрады. Тартылған инвестиция көлемі 517 миллион долларға жетіп, ашылған жұмыс орындарының саны 20 мыңнан асты.

Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құру және дамытуға, ІТ мамандарын даярлауға және стартап жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1331 IT-компания тіркелген, оның ішінде 372-сінің шетелдік үлесі бар. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламаларын, арнайы салықтық және визалық шарттарды, ақпараттық-білім беруді және материалдық инфрақұрылымды қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетіледі.

«Astana Hub құру бастамасы сонау 2016 жылы пайда болды. Қазақстан жаһандық технологиялық трансформацияда белсенді рөл атқаруы тиіс. Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай ІТ-экспорт көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайту және Қазақстанды өңірдегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналдыру міндетін қоюы кездейсоқ емес. Біздің барлық бастамаларымыз, соның ішінде Google for Startups және Draper University-мен бірлескен бағдарламалар, Кремний алқабындағы IT-стартаптарымызға арналған Silkroad Innovation Hub  платформасын іске қосуды қолдау, Digital Bridge және Digital Almaty IT-форумдарын өткізу, осы мақсатқа жету жолындағы қадамдарымыз. Әрине, біздің барлық ісіміз Цифрлық даму министрлігінің және серіктестеріміздің қолдауымен жүзеге асып жатыр», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

 Astana Hub венчурлық инвестицияларды тарту және әлемдік нарыққа шығуды көздейтін стартаптарды қолдауды мақсат еткен акселерация және инкубация бағдарламаларын ұсынады. Мысалы,  Google For Startups компаниясымен бірге жүзеге асырылып жатқан Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу үшін 900-ден астам өтінім түсті. Үш лектің нәтижесінде 37 үздік жоба акселерация бағдарламасын аяқтады. Компаниялардың жалпы капитализациясы 350 миллион доллардан, ал ай сайынғы кірісі 1 миллион доллардан асты. Бағдарламаның барлық кезеңінде стартап-жобалар жалпы алғанда 7,5 миллион доллардан астам инвестиция тартып, БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа нарықтарға шықты. Startup Garage бағдарламасы дамудың бастапқы кезеңдерінде жан-жақты қолдауды ұсынады, ал Scalerator қазақстандық стартаптардың жаһандық бизнеске шығуына көмектеседі. Scalerator  бағдарламасын жүзеге асыру барысында  қатысушылар жалпы сомасы 304 миллион теңгеден астам экспорттық келісімшарттар мен келісімдер жасалды.

Draper University-мен серіктестікте, Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылатын Hero Training акселераторы стартаптарға Кремний алқабына жолдама алуға  бірден-бір мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда инновациялар ошағына 27 стартап жол тартты, алдағы уақытта Орталық Еуразиядан жыл сайын кемінде 30 перспективалық жобаны жіберу жоспарда бар.

 Astana Hub қатысушыларының жобалары ішкі нарықта да, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие. Қазақстандық стартаптар миллиондаған пайдаланушыны тартып қана қоймай, халықаралық деңгейде танымал болып жатыр. Мысалы, Citix ақпараттық-навигациялық жүйесі Түркия мен БАӘ нарығына шықты. Beyne.ai бет-әлпетін тану және фейк анықтау жүйесі бүкіл экожүйені құруға және ірі компаниялармен интеграцияға көшті. Алақан биометриясына негізделген Alaqan өз өнімін түріктің 500 клиникасына енгізіп жатыр. SmarTestPrep Индонезия, Вьетнам және Латын Америкасы нарығына жол тартып, мыңнан астам үміткерге жалпы көлемі $10 миллион шәкіртақы алуға көмектесті. Droppy Таяу Шығыстағы, АҚШ пен Латын Америкасындағы коммерциялық емес ұйымдар және министрлік өкілдерімен 120-ға жуық итерация жүргізіп, ойынын Play Market және Apple Store дүкендеріне шығарды. iDos Games стартапының 170 елден 300 мыңнан астам тіркелген және белсенді пайдаланушысы бар, бұл оның әлемдік ойын индустриясындағы маңызды рөлін көрсетеді. Инсульт диагностикасын жасау үшін жасанды интеллект пен нейрорадиологияға негізделген CerebraAI АҚШ-тың TechCrunch рейтингі бойынша үздік жаһандық стартаптар қатарына кірді. Бұл елімізді ақпараттық технологиялар саласында әлемдік аренаға шығарып жатқан келешегі зор стартаптар қатарының аз ғана бөлігі.

20 мыңнан астам адам Tech Orda, Alem School, No Code/Low Code School, Startup School, Beta Career, Freelance School, IT-Aiel  және т.б. білім беру бағдарламалары аясында білім алды. Бұдан бөлек, Astana Hub-та жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеуге және масштабтауға бағытталған Blockchain, SpaceTech, 5G, GameDev, Defence Tech, OTS Digital Center және, әрине, AI-Center сияқты инновациялық орталықтар қызмет етеді.

Жергілікті IT-қауымдастықтарды құруға, IT таланттардың тұрақты ағынын қалыптастырып, оларды Қазақстанның аймақтарында дамытуға бағытталған өңірлік IT хабтарды дамыту Astana Hub қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен, әкімдіктер мен жеке бизнестің қолдауымен еліміздің 12 өңірінде IT-хабтар ашылды: Abai IT Valley (Семей қ.),  Kyzylorda Hub (Қызылорда қ.), Digital Jetisu (Талдықорған қ.), Zhambyl Hub (Тараз қ.), Oskemen IT Hub (Өскемен қ.), Jaiq Hub (Орал қ.), Turkistan IT Hub (Түркістан қ.), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ.), Qostanai It Hub (Қостанай қ.), Aqmola IT Hub (Көкшетау қ.), Pavlodar Hub (Павлодар қ.), Terricon Valley (Қарағанды қ.).  Биыл жылдың соңына дейін Атырау және Маңғыстау облыстарында тағы екі хаб ресми түрде ашылады.

Astana Hub  Pizza Pitch, Speaker Night, Startuphana және т.б. осы сияқты түрлі шараларды тұрақты түрде өткізеді. Әрине, технопарк жұмысында Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум дәрежесіне жеткен Digital Bridge жыл сайынғы халықаралық форумының маңызы ерекше. Биыл жасанды интеллект тақырыбына арналған форум 30 мыңнан астам қатысушының, оның ішінде 30 елден делегация, 300-ден астам IT-компания өкілдері, 450 спикер, 100-ден астам инвестор мен бизнес-періштелер, сондай-ақ 150-ден астам стартаптың басын қосты.

Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті