Қазақстандық университеттер Франциямен меморандумға қол қойды

06.11.2023, 14:41
731
Қазақстандық университеттер Франциямен меморандумға қол қойды gov.kz

Абай университеті Сорбонна-Қазақстан институтында VIII Қазақстан-француз форумы аясында Қазақстанның 6 жоғары оқу орны – Абай университеті, Сәтбаев университеті, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Maqsut Narikbayev University және Алматы энергетика және телекоммуникация университетімен ынтымақтастық туралы меморандум мен келісімдерге қол қою рәсімі өтті.

Ең маңызды құжаттар – Абай университеті мен Францияның Орталық Азияны зерттеу институты (IFEAC) арасындағы келісім, сондай-ақ «Алматы Француз Альянсы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандум.

Бірінші келісім IFEAC пен Абай университеті арасында халықаралық құқық, экономика, тарих және т.б. әртүрлі салаларда институционалды зерттеу серіктестігін орнатуға бағытталған. Ынтымақтастық бірлескен ғылыми және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруды, ғылыми жұмыстарды жариялауды, сондай-ақ студенттерді ғылым бағытына даярлауды көздейді.

«Алматы Француз Альянсы» ҚБ-мен ынтымақтастық туралы меморандум Абай университетінде осы елдің француз тілі мен мәдениетін таныстыруға бағытталған. Меморандум Абай университетінің студенттері үшін DELF DALF француз тілінен халықаралық емтихандарды ұйымдастыру, бірлескен іс-шараларды жоспарлау мен өткізуде серіктестік негізінде ақпараттық, кадрлық және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалану, оқытушылардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қамтиды.

Жоғарыда аталған отандық жоғары оқу орындарымен жасалған келісімдер Қазақстан мен Франция арасындағы білім, мәдениет және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтудың жаңа кезеңін көрсетіп, келешегі зор ынтымақтастық пен білім алмасу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді