Жамбыл облысының мектеп оқушылары Zhambyl IT Hub-тың қолдауымен IT-компанияның грантына ие болады

06.11.2023, 16:54
811
Жамбыл облысының мектеп оқушылары Zhambyl IT Hub-тың қолдауымен IT-компанияның грантына ие болады astanahub

Қазақстан өңірлерінің жастарына арналған тегін көшбасшылық бағдарламасы Жамбыл облысындағы ауыл балаларына әлеуметтік көшбасшылық бойынша білім беру курсынан өтуіне және жаңа инновациялық университеттің грант иегері атануына мүмкіндік береді.

Оқу грантына Жамбыл облысындағы мектептердің 10-сынып оқушылары, Astana Hub халықаралық технопаркімен және өңірлік Zhambyl IT Hub-ымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Beginit by inDrive тегін білім беру бағдарламасының финалистері үміткер бола алады. Тегін білім беру аясында мектеп оқушылары әлеуметтік көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша курстан өтіп, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобалар жасауды үйренеді. Алматының тау бөктерінде орналасқан лагерьде балалар еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрдастарымен танысып, бизнес пен шығармашылық сала жетекшілерінен құнды кеңес алады. Курстан өткеннен кейін қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін ұсына алады. Финалистер бағалы сыйлықтарға ие болып, inDrive бас директоры Арсен Томский Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтқан Алматыдағы inVision U жаңа инновациялық университетінің толық грантының жеңімпазы болады.

«Zhambyl IT Hub мен InDrive Қазақстандағы білім беруді дамыту және жас таланттарды қолдау бағытында үлкен қадам жасап жатыр. Біздің бірлескен жұмысымыз жастар арасында көшбасшылық пен жобалық іскерлікті дамытуға, оларды Жамбыл облысының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өз жобаларын құруға және жүзеге асыруға шабыттандыруға бағытталған», - деді Astana Hub Жамбыл облысындағы аймақтық менеджері Салтанат Телеуова.  

Beginit  бағдарламасы Қазақстан Республикасының аймақтарын таланттарды ашу, білім алу және кәсіби және кәсіпкерлік әлеуетті іске асыру кеңістігі ретінде дамытуға бағытталған.

«Жамбыл облысы – ғылым мен спорт, әдебиет пен журналистиканың көрнекті тұлғалары туған жер. Кезінде осында туған өлкенің ғана емес, бүкіл еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқан Балуан Шолақ дүниеге келген. Оның соңынан еріп, оны тыңдап, әлі күнге дейін оның ерлігіне сүйсініп жүрміз. Әлеуметтік көшбасшы - өмірді өзгерте алатын және өзгерістерге оң әсер ететін адам. Біздің бағдарлама өз аймағын ғана емес, өзін бүкіл әлемге танытатын әлеуметтік көшбасшыларды анықтайтынына сенімдіміз», - деп атап өтті Beginit by InDrive жобасының менеджері Елена Тропинова баспасөз мәслихатында.

Іріктеу кезеңі 7 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында басталады. Бағдарламаға қатысу және іріктеу кезеңі туралы қосымша ақпарат алу үшін  +7 705 343 06 12 телефон нөмірі бойынша Ерсайын Қабдрашевке хабарласуға болады.

Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған,  бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.

inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар.

«Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты