656

Қарағандыда ірі жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда ірі жол апатынан 6 адам қаза тапты
Polisia.kz

6 қарашада Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.