Ақбөкендерді әуесқойларға аулауға рұқсат берілуі мүмкін, алайда олардың мүйізін сату мақсатында аулауға болмайды. Жануарларды атуды тек бекітілген аңшылық шаруашылықтарының арнайы аумағында, сондай-ақ бөлінген квотаға сәйкес жүргізуге болады.
"Бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ақбөкендерге әуесқой мақсатта аң аулауға өтінім жергілікті атқарушы органға беріледі", – делінген бұйрықта.
Заң жобасына сәйкес тек еркек ақбөкендерді аулауға рұқсат беру жоспарланып отыр. Жануарды аулағаннан кейін аңшы оның мүйіздері мен сирақтарын таңбалауы керек.