Газада қазақтар қалып тұр. СІМ әрекеті қалай болмақ

07.11.2023, 17:52
783
Газада қазақтар қалып тұр. СІМ әрекеті қалай болмақ ҚР СІМ

Әлемнің бірқатар елдері Газа секторында қалып қойған өз азаматтарын шығарып алудың қамына кіріскен. Мұндай әрекетті Қазақстан да жасап жатыр.

Сыртқы істер министрлігінің таратқан дерегіне қарағанда, осы күні Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар. Оларды отбасымен қоса есептегенде 161 адам болады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің өткізген брифингінде айтылды. 

Сыртқы істерт министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, шетелдік азаматтардың отбасы мүшелерінің шығуына байланысты Мысыр тарапынан және Израиль тарапынан белгілі бір талаптар бар көрінеді. Қазақстандықтар деп отырған адамдардың шамамен үштен бірі шекарадан шығару талаптарына сай келмейді деп жатыр. Өйткені кәмелетке толған балалардың, ерлі-зайыптылардың бірінің, немерелерінің немесе келіндері мен күйеу балаларының шығару талабына жатқызылмауы оларда Қазақстан азаматтығының жоқ болуынан сияқты. Ал нақты шығаруға жататындары 76 адам болса керек. Сол 76 адамның ішінде кетуге дайын еместері де бар. Себебі отбасы мүшелерін тағдыр тәлкегіне тастап кеткілері келмейтіні де түсінікті. Мұндай жағдай өзге елдердің азаматтары арасында да бар. Осы түйткіл шешілмей тұр.

«Бұл әскери дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем шешуге тырысып жатыр. Өз тарапымыздан біз толық дайынбыз», – дейді Сыртқы істер министрлігінің өкілі. 

Азаматтарымыз Мысырдың шекарасынан асырыла қалған сәтте оларды Каирге жеткізетін ұшақ пысықталып қойыпты. Ары қарай Жерорта теңізінің үстімен Түркияға ұшырылса керек. Әзірге соған қол қысқа болып тұр.

«Алдын алу шараларын қабылдау үшін біз Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкінішке қарай, оның шиеленісі күннен күнге күшейіп келеді», – деді Айбек Смадияров. Бұған дейін ол: «Египет тарапымен біздің азаматтарды, оның ішінде олардың Палестина азаматтығы бар жақын туыстарын эвакуациялау туралы келіссөздер жүргізілуде. Египет тарапының тиісті рұқсатын күтеміз», – деген болатын.

Шынында да, Газа аймағындағы ахуал күннен-күнге өршіп барады. Израиль үкіметінің өз әскерін тоқтату ойы жоқ сияқты. Әлемнің салмақты деген саясаткерлері соғысты уақытша болса да тоқтатайық, шығатын адамдар шығарылып алынсын, жаралыларды да көшірсін деген сыңай танытып-ақ жатыр. Алайда Израиль қорғаныс күштері Палестинаның Газа секторындағы ХАМАС бекіністерінің бірін басып алды, енді тоқтағылары келмейтіндей. Өйткені олар ХАМАС-тың бекінген позицияларын басып алды. Бұған қоса Израиль әскерилері 24 сағат ішінде ХАМАС бақылау бекеттері, оқу-жаттығу лагерлері мен жерасты туннельдері орналасқан 450 нүктеге әуеден соққы берді.  

Газа аймағына шет елдерден көмек барып жатыр. Жазықсыз бейбіт тұрғындарды аман сақтауға септік болсын деп Қазақстан да көмек қолын созды. Қазақстан 1 миллион доллар қаражат берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігі деген ұйымы бар екен. Бұл ұйым 70 жылдан бері Палестина халқына көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді деп жатыр. Қазақстанның қаражаты осы ұйымның шотына мақсатты түрде аударылды.

Кейінгі деректерде Газа секторында 10 мыңға жуық адам қаза болғаны айтылады, 20 мыңнан астам адам жараланыпты. Оның үштен екісі – әйелдер мен балалар. 2 миллионнан астам адам күнделікті ас-суға мұқтаж.

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Газа секторында қалып қойған қазақстандық әйелдің көмек сұрайтыны жайлы жазылды. Светлана есімді әйел Қазақстан азаматы екен, ол өзі мен отбасын елге алып кетуді өтінген. Сол жердің адамына тұрмысқа шығып, бес бала-шаға өсіріп жатқан жайы бар екен. Қазір күйеуі де, өзі де, кәмелетке толмаған бес баласы да ас-сусыз, дәрі-дәрмексіз, әйтеуір өлместің күнін кешіп жатқан көрінеді.

Күйеуі кезінде Алматыда медициналық институтта оқыған екен. Екеуі танысып, бұдан 24 жыл бұрын тұрмыс құрған, содан бері Газада тұрып келген.

Олардың тұрған үйлері қираған. Біраз уақыттан бері отбасы өзге адамдармен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының мектебін паналайды. Светлананың фамилиясы Әбу-Зурейх, тұмшаланған бет-жүзінен оның метис екені аңғарылады. Оның айтуына қарағанда, су мен нан табу ақырет. Нанға күйеуі таңнан тұрып, жеті-сегіз сағат кезекте тұрады екен. Кезекте тұрғанында біреулер қабырғасын сындырып кетіпті. Қазақстан азаматтығы Светлананың өзі мен    үлкен қызында ғана бар. Қалғандарында Палестинаның құжаты.

Светлана сияқты қазақстандықтар отбасымен, бала-шағасымен тезірек елге оралсын деп тілейміз.  

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды