Қазақстандық студент Eurhodip форумында 3 орынды иеленді

08.11.2023, 12:18
800
Қазақстандық студент Eurhodip форумында 3 орынды иеленді gov.kz

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Туризм» мамандығы бойынша оқып жатқан 4 курс студенті Мерей Төлеген EURHODIP форумында 3 орынға ие болды.

Биыл EURHODIP қауымдастығының форумы аясындағы халықаралық байқау 1-5 қараша аралығында Солтүстік Кипрдегі Фамагуста қаласында өтті. «Туризм» мамандығының 4-курс студенті Мерей Төлеген «Tourism management» секциясында жүлделі 3-орынға ие болды. Ол қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Милан қаласындағы IULM университетінде оқып жатыр.

Атап өтсек, Абылай хан университеті Бельгияның Брюссель қаласында орналасқан EURHODIP туризм және қонақжайлылық саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Аталған қауымдастықпен ынтымақтастық аясында «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының студенттері жыл сайын халықаралық студенттер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Аталған іс-шараның өтетін орны жыл сайын өзгеріп отырады және түрлі елдерде өткізіледі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды