Елордамыз «Түркі әлемінің қаржы орталығы» деген мәртебеге ие болды

09.11.2023, 10:59
409
Елордамыз «Түркі әлемінің қаржы орталығы» деген мәртебеге ие болды Оспан Али

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 10-шы саммитін өткізу аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ елдері Астанаға түркі әлемінің қаржы орталығы мәртебесін беру туралы бастаманы қолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Еліміздің ТМҰ-дағы төрағалығы туралы айта келе, Мемлекет басшысы өңіраралық сауданы кеңейту және экономикаға инвестиция салу қажеттігін ерекше атап өтті:

«Бұл істе түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарады. Экономикалық байланыстарды нығайту үшін «жасыл» қаржыландыру нарығын дамыту қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан Түркі «жасыл» қаржы кеңесін құруды ұсынған болатын. Астанаға түркі әлемінің қаржы орталығы мәртебесін беру туралы бастама қолдау тапты».

Бұл мәртебе 2024 жыл бойы қолданыста болады. Мәртебе беру туралы шешім 2021 жылы Ыстамбұл саммиті барысында бекітілген «Түркі әлемінің қалаларына белгілі бір мәртебе беру туралы ереже» негізінде қабылданды. Құжат ТМҰ-ға мүше елдердің қалаларына тиісті мәртебе беру критерийлерін белгілейді. Атап айтқанда, кандидат қала түркі әлемінің саяси, сауда, ғылыми немесе мәдени орталығы болып, тарих бойына түркі өркениетінің дамуында маңызды рөл атқарған болуы тиіс еді.

Елордамыз «қаржы астанасы» ретінде бекер таңдалмаған, Астананың маңында ерте ортағасырлардан бері (VIII-XVI) оғыз бен қыпшақ ордасы болған. Бозоқ деп аталған қалашық далалық керуен жолдарын бақылайтын сауда мен қаржы кентіне айналған.

Бас қаламызда алғаш рет инфрақұрылымды дамытуға және халықаралық көлік дәліздерін қаржыландыруға бағытталған «Белдеу және жол» жобасын құру бастамасы жарияланған болатын. «Орта  дәліз» бойынша Caspian Integrated Maritime Solutions және KPMC сияқты инфрақұрылымдық жобалары «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) құрылымдалған еді.

АХҚО жанындағы Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) Орталық Азиядағы «Белдеу және жол» бастамасы үшін жасыл инвестициялар қағидаттарының өңірлік офисі болып табылады. ЖҚО өңірде тұрақты қаржыландыруды дамытуға жәрдемдеседі. Орталықтың  қолдауымен Қырғызстанда дебюттік жасыл және әлеуметтік облигациялар шығарылды.

Біздің Астанамыз – әлем қаржы орталықтарының Global Financial Centres Index индексіне сәйкес Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірінің көшбасшысы. Қаламыздың рейтингке қосылуына инвесторлар мен бизнес үшін қаржы хабы ретінде әрекет ететін және Орталық Азия мен одан тыс жерлерде компаниялардың дамуы үшін экожүйені ұсынатын АХҚО-ның қызметі ықпал етті.

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті ақпарат алмасу, ұйымдардың қызметін қадағалау және реттеу мақсатында Түркия мен Қырғызстанды қоса алғанда, ТМҰ-ға мүше елдердің қаржы реттеушілерімен бірқатар келісімдер мен меморандумдар жасасты.

Астанаға түркі әлемінің қаржы орталығы мәртебесін беру елдің әлеуетін және оның инвестициялық мүмкіндіктерін көрсете отырып, қаланың өңірдегі экономикалық және қаржы орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтады.

«Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты «Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО) TikTok Қытайдағы ең құнды брендке айналды Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді «Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды