ШҚО-да жоғалған қыз табылды

09.11.2023, 12:31
599
ШҚО-да жоғалған қыз табылды polisia.kz

Полиция дерегінше, 7 қарашада Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған. Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, үйіне оралмаған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ұйымдастырылған  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады.

Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған. Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барып қайтатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне түнейтінін айтып, сұранған, кейіннен телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Үйге оралғысы келмеген.

Орналасқан жері анықталғаннан кейін қыз бірден анасына барып, үйіне қайтарылды. Оның өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне ештеңе қауіп төндірмейді. Полицейлер онымен осындай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті, – деп атап өтті Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды