Әлихан Смайылов Өзбекстанға барды

09.11.2023, 14:05
806
Әлихан Смайылов Өзбекстанға барды t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға барды, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Әлихан Смайылов Ташкенттегі іс-шара қарсаңында сол елдің президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Премьер-министр ең алдымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі екенін баса айтты.

Әлихан Смайылов атап өткендей, жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің бақылауында болады. Мұндағы басым бағыттардың бірі – екіжақты өзара іс-әрекеттердің берік әрі тұрақты экономикалық тұғырнамасын құру.

Өзбекстан – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың шамамен 70%-ы біздің елдерге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30% артып, алғаш рет 5 млрд долларға жетті. Біз өзара сауданы 10 млрд долларға жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді премьер-министр.

Ол Қазақстан Үкіметінің екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Өзбекстанмен ынтымақтастықты серпінді дамытуға бар күш-жігерін салатынын айтты.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтар жүйелі түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Біз барлық мәселеде алға жылжып келеміз. Меніңше, шешілмеген мәселе жоқ. Сауда саласында Қазақстан президентімен келіскен жобалар бізге жаңа белестерге жетуге көмектеседі, — деді Өзбекстан президенті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды